Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды

Алматыда көлік жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Алматының Бостандық ауданында таңғы 08:00 шамасында 98-бағыттағы автобуста 38 жастағы жолаушы бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, көлік жүргізушісіне дене жарақатын келтірген.

– Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдікті өзін қорғау үшін, жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан, жүргізушіден тезірек жүруін сұрағанын айтты. Алайда жанжалдың себебі де осы кикілжің болған, – дейді, Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды