Алматыда автобус жүргізушісін пышақпен қорқытқан бұзақы ұсталды (видео)

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісін қорқытқан бұзақы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Бұл дерек әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Куәгерлердің видеосында ер адамның әуелі автобустың есігін теуіп, сосын пышақ сияқты көрінген затты сілтеп, жүргізушіні қорқытқаны көрінеді.

– Оқиға таңертең ерте Назарбаев пен Райымбек даңғылдарының қиылысындағы қоғамдық көліктердің соңғы аялдамасында болғаны анықталды. Осы қылмысты ашу және оның объективті мән-жайын анықтау үшін қаланың бейнебақылау жүйелеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар адам анықталды. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдікті мен автобус жүргізушісі арасындағы кикілжің аялдама орнында тұрған көлікке өтіп бара жатқан адамның міну ниетінен туындағаны белгілі болды. Жүргізуші оған ескерту айтты, ал өтіп бара жатқан адам құрылыс пышағын шығарған. Ешкім зардап шеккен жоқ, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов. 

Қазір оқып жатыр

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды