Алматыда автобус ғимаратқа соғылды (видео)

Полицияның хабарлауынша, жол апаты 20 маусым күні сағат 06:15-те болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен келе жатқан. Яссауи көшесіне бұрылған кезде ол рөлге ие бола алмай, бағдаршамда тұрған Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Кейін автобус қозғалысын жалғастырып, ғимаратқа соғылған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде автобуста жолаушылар болған. Абырой болғанда, алдын ала мәлімет бойынша, адам өлімі тіркелген жоқ. Дегенмен, бірнеше адам жарақат алған болуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Қазір оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.

Автобустың не себепті ғимаратқа соғылғаны әзірге белгісіз. Сарапшылардың айтуынша, техникалық ақау немесе жүргізушінің денсаулығы нашарлап кетуі себеп болуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады