Алматыда аулада 7 жасар баланы көлік қағып кетті

Алматының Шұғыла ықшамауданында орналасқан Alem City 3 тұрғын үй кешенінің ауласында 7 жасар бала көлік астына түсті, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

видеодан скрин

Алматы, NEGE. Полицейлердің мәліметінше, оқиға бүгін Наурызбай ауданында түскі уақытта болған. Көлік жүргізушісі аула жолымен келе жатқанда жолды кесіп өтпек болып, жүгіріп шыққан баланы қағып кетті.

«Шұғыла» шағын ауданында оңтүстік бағыттағы аула жолымен келе жатқан Changan көлігінің жүргізушісі шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жасар баланы қағып кеткен. Салдарынан бала дене жарақатын алып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды, — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наурызбай аудандық полиция басқармасы апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі