Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

9-10 қарашада сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін Алматы қаласында кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Жәрмеңкеге Жамбыл облысы мен Алматы қаласы ауылшаруашылық өндірушілері қатысады. Онда 50-ден астам өнім түрлері (ет және сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары және т.б.) қойылады.

Жәрмеңке өтетін орын – Алматы қаласы, Сәтбаев көшесінің бойымен Уалиханов көшесі мен Достық даңғылы аралығында.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігінде 8 қарашада сағат 20:00-ден 10 қарашада 20:00-ге дейін жабылады.

Жәрмеңкені өткізу кезінде №45, №95 және №121 автобустардың бағыттары өзгереді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты