Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам 11 жылға сотталды

Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратовқа сот үкімі шықты. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оған Алматы әуежайында тексеру қызметінің инспекторын кепілге алып, әуежайды жарамын деп қорқытты деген айып тағылған еді. М.Баратов ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 261-бабы 2-бөлігі 4-тармағы (кепілге алу) және 273-бабы (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп танылды.

Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. 

Естеріңізге сала кетейік, прокурор әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамды 10,5 жылға соттауды сұраған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Астана әуежайынан ұшып кететін жолаушыларға бірқатар өзгеріс болатыны ескертілді

Конституциялық сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ

«Жалған аутизм»: ДСМ ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үндеу жасады

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін?