Алматыда ауа сапасын нашарлататын метеожағдай күтіледі

16 тамыз күні Қазақстанның көпшілік қалаларында қолайлы метеорологиялық ахуал болжанып отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алайда синоптиктердің мәліметінше, Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Мұндай кезде ауа райының белгілі бір құбылыстары – тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия – зиянды заттардың жерге жақын қабатта жиналуына ықпал етеді.

Нәтижесінде қаладағы атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, халық денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, мұндай ластану деңгейін анықтайтын басты фактор – синоптикалық жағдай: жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы.

Қазір оқып жатыр

56 құрылыс компаниясы жалған жұмыс тәжірбиесімен мемлекеттік сатып алуға қатысқан

Almaty Superski таңдаулы топқа арналған курорт ретінде қабылданбауы керек – Аида Балаева

Атырау тұрғындары қаладағы ауа сапасына шағымданды: экологтар тексеру жүргізді

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді