Алматыда «Арыстан» базары сүріліп жатыр

«Ақсай-4» шағын ауданында жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі.

gov.kz

Алматы, NEGE. Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеріс барысында «Фирма Тигрохауд» ЖШС иесі базардың бір бөлігін рұқсат құжаттарынсыз салғаны анықталды. Бұл факт бойынша әкімшілік шаралар қабылданған.

Жағдай бойынша басқарма сотқа шағым түсіріп, заңсыз салынған базар аумақтарын сүруді талап еткен.

«Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді. 2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды. 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды», – деп хабарлады әкімдіктен.

Қазіргі уақытта әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстарын бастады.

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды