27 апреля 2025 г. 9:27

Алматыда аптап ыстық пен нөсер жауын болады

Фото: Ғаламтордан

Алдағы аптада Алматыда күн күрт ысиды. "Қазгидромет" РМК мамандары 26 сәуір мен 2 мамыр аралығына арналған алдын ала ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, аптап ыстықпен қатар, қалада найзағай, бұршақ және қатты жел болуы ықтимал.

Алматы, NEGE. Мекеменің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кисебаевтың мәліметінше, алдағы жеті күнде мегаполисте ауа райы құбылмалы болады. Ауа температурасы күндіз +21°C-тан +33°C-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар, күннің екінші жартысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Синоптиктің айтуынша, аптаның екінші жартысында атмосфералық тұрақсыздықтың әсерінен, кешке қарай жауын-шашын жиілейді. Таулы аудандарда жаңбырмен қатар қар аралас жауын жаууы да мүмкін.

Апталық ауа райы болжамы:

  • 26 сәуір: Аспанды бұлт торлайды, бірақ жауын-шашын болмайды. Түнгі температура – +8…+10°C, күндіз – +22…+24°C.

  • 27 сәуір: Ауа райы ашық, жауынсыз. Түнде – +13…+15°C, күндіз – +27…+29°C.

  • 28 сәуір: Бұлтты, бірақ жауын-шашын күтілмейді. Кешке қарай ауа ысиды – күндізгі температура +31°C-қа дейін көтеріледі.

  • 29 сәуір: Күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын мен бұршақ күтіледі. Жел екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде – +17…+19°C, күндіз – +31…+33°C.

  • 30 сәуір – 2 мамыр: Кешке және түнде жауын-шашын, найзағай, бұршақ, екпінді жел сақталады. Ауа температурасы 21–27°C шамасында болады.