25 сентября 2024 г. 13:51

Алматыда AlmaU студентінің өлі денесі табылды

Фото: Pixabay
Университеттің баспасөз қызметі студенттің қайтыс болғанын растады.

Алматы, NEGE. Алдын ала таратылған ақпаратқа сәйкес, студент өз-өзіне қол жұмсаған. Оның денесі оқу орнында өлі күйінде табылды.

«2024 жылғы 25 қыркүйек, Алматы. Almaty Management University студентіміздің қайғылы қазасы туралы терең күйзеліспен хабарлайды. Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайларын құқық қорғау органдары анықтауда. Университет барлық қажетті қолдауды көрсетіп, оқиғаның барлық жағдайларын анықтауға көмектесуде. Алматы Менеджмент Университетінің басшылығы марқұмның туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Осы қиын сәтте отбасына қажетті қолдау көрсетеді. БАҚ өкілдерінен марқұмның отбасына түсіністікпен қарап, тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз», - делінген университеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бостандық аудандық полиция бөлімі аталмыш жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.