23 января 2025 г. 9:48

Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

A view of the sea
Фото: Полиция

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады.

Алматы, NEGE. Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.

Олар 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.