Алматыда аққуды қылқындырып ұстаған ер адам бір аптаға қамауға алынды

Алматыда сот 42 жастағы ер адамды әкімшілік тәртіппен жеті тәулікке қамау туралы шешім шығарды. 

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. Ол 5 тамыз күні Ботаникалық бақ аумағында аққуды мойнынан ұстап алған. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. 

Бақтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның кім екені бейнебақылау камералары мен полицияның жедел әрекеті арқылы анықталған. Оның іс-әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзу және жануарға қатыгездік көрсету ретінде бағаланған.

Әкімшілік өкілдері аққудың жарақат алмағанын, оның жағдайын орнитологтар бақылап отырғанын айтты. Дегенмен бұл жағдайдан кейін аққулар тоғанының айналасына арнайы қоршау орнату туралы шешім қабылданған. Бұл – құстарды қонақтардан қорғау үшін жасалған қадам.

Ботаникалық бақ әкімшілігі аумақтың ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесіне ие екенін еске салды. Мұнда жануарларды ұстауға, шөппен жүруге, пикник жасауға және қоқыс тастауға қатаң тыйым салынған.

Қазір оқып жатыр

Құрылтайды кім басқарады?

Байдың балаларын полициядағы лауазымды тұлғалар қорғаштайды – депутат

Алатау қаласы туралы Конституциялық заң қабылданды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы басталды: бензин қоры жеткілікті ме?