Алматыда адамдар отырған аттракцион тоқтап қалған (видео)

Алматыдағы саябақтардың бірінде адамдар отырған аттракцион тоқтап қалған. 

видео-скрин

Алматы, NEGE. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан адамдардың біраз уақыт түсе алмай, әуеде қалқып тұрғанын көруге болады.

13 сәуірде Top skan немесе «Түймедақ» деген атауға ие аттракцион 15:08–де тоқтап қалған.

«Атракцион қауіпсіздік датчигінің іске қосылуына байланысты тоқтады. Сағат 15:16–да адамдар эвакуцияланды. Зардап шеккендер жоқ. Демалушылар тарапынан шағым түспеді. Жағдай толығымен саябақ инженерлерінің бақылауында болды», - делінген парктің ресми жауабында.