Алматыда «Абай» ұлттық мектебі қарқынды салынып жатыр

Алматыда «Абай» ұлттық мектебінің құрылысына мемлекеттен 10 млрд 421 млн теңге бөлінген. Білім ордасы 900 оқушыға арналған.

Egemen.kz

Қазір мұнда үш қабатты ғимарат бой көтерді. Сонымен қатар мектептің жанынан екі қабатты жатақхана да салынып жатыр. Екі нысанның құрылысы ақпан айында басталған. Қазіргі таңда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Мектепті жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарланған.

​Бұған дейін бұл білім ордасында оқушылар 8-сыныптан бастап қабылданатын. Ал жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін дарынды балалар 7-сыныптан бастап қабылданады. Бұл туралы жауапты министрлік өкілдері хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Анар Тәңірбергенованың айтуынша, мектептің басты ерекшелігі тек қазақ тілі мен әдебиетін ғана емес, өзге пәндерді де тереңдете оқытуға басымдық берілуінде.

Оның сөзінше, бұл мектептің түлектері тек лингвист маман болып қана қоймай, көшбасшылық қабілеті бар, технологияны меңгерген, жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуы тиіс. Сонымен қатар оқушылар ағылшын тілімен бірге француз, қытай және басқа да тілдерді өз қалауына және қажеттілігіне қарай меңгере алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?