Алматыда 8 қап ақбөкен мүйізін сатпақ болған күдіктілер ұсталды

Алматы полицейлері 8 қап ақбөкен мүйізін тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Төрт адам 8 қапқа салынған 1200 мүйізді сатпақ болған. Олардың бұл заңсыз әрекеті Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген арнайы іс-шараның нәтижесінде анықталды.

– Арнайы іс-шараның негізгі кезеңін Алматы облысының аумағында жедел қызметкерлер мен арнайы жасақ жүргізді. Ол жерде Hyundai автокөлігі тоқтатылды, оның ішін тінту барысында 1212 дана көлеміндегі 8 қап мүйіз табылды және тәркіленді. Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды