Алматыда 6 қабатты әкімшілік ғимарат өртенді

Алматы қаласының өрт сөндірушілері Жетісу ауданы Новгородская көшесі бойында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимараттағы өртті сөндірді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. «Өрт сөндіру есептоптарының жедел келуіне қарамастан, өрт өршіп кеткен. Ғимараттың шатыры мен қаптамасы толығымен жалындап жанып жатты. Өртті сөндіру ғимарат ішіндегі үлкен жанғыш жүктемемен, атап айтқанда лак-бояу өнімдерінің болуымен күрделенеді», — делінген хабарламада.

Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаевтың басшылығымен жедел өрт сөндіру штабы жұмыс істеді.

Өртті сөндіруге ТЖМ автопойыз тартылды. 06:45–те Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді