Алматыда 5-санатты өрт қаупі жарияланды

Алматыда аптап ыстықтың салдарынан ең жоғары – 5-санаттағы өрт қаупі енгізілді, деп хабарлайды қалалық ТЖД.

Ғаламтордар

АЛМАТЫ, NEGE. Жыл басынан бері қалада 300-ден астам құрғақ шөптің өртену дерегі тіркелген. Олардың кейбірі таулы аймақтардағы өртке ұласып, тұрғын үйлерге қауіп төндірген.

Қазір қала маңындағы 104 шақырым аумақта шөп шабу және тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар тұрғындарға: от жақпауға; темекі шекпеуге; қураған шөпті өртемеуге кеңес береді.

Сонымен қатар электр желісін шамадан тыс жүктемеу және балаларды көлікте жалғыз қалдырмау ескертіледі. Қасақана өрт қойғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны да ескертілді.

Қазір оқып жатыр

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

«Машалла», «иншалла» сөздерін қолдану қаншалықты орынды?

«Жаңбыр жауса, жылаймыз»: Таразда екі жүздей тұрғын шатыры шұрық тесік үйде тұруға мәжбүр