Алматыда 5 мың адам Абай әндерін шырқады

Ұлыстың ұлы күнінде Алатаудың етегі Абай әуеніне тербелді. Ұлы ақынның 180 жылдығына орай 5 мыңнан аса адам Республика сарайының алдында ақынның таңдамалы туындыларын шырқады.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Қатысушылар Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» және «Көзімнің қарасы» әндерін орындап, жұртшылықты тәнті етті. Бұл ерекше іс-шара еліміздің рекордтар кітабына енуі мүмкін.

Сонымен қатар, NauryzFest фестивалі ұйымдастырылды. Мәселен «Рухани мұра» киіз үйінде Біржан, Жамбыл және Дина ойнаған музыкалық аспаптардың көшірмесі қойылған. Ал «Алматыға саяхат» киіз үйінде қонақтар қаланың көрікті жерлерін виртуалды форматта тамашалай алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?