Алматыда 4 мыңға жуық адам сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылды

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жылы Алматының жолдарында 2 508 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл жағдай жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр.

– Сот шешімімен 3 993 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айырылды, ал 2 365 жүргізушіге әкімшілік қамау шарасы қолданылды. Алматы полициясы осы мәселеге қатысты дабыл қағып, танымал тұлғалар арқылы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын қолға алды. Спортшылар, әншілер, әртістер өздерінің бейнежолдауларында жүргізушілерді мас күйінде рөлге отырмауға шақырады,– деп хабарлады ведомстводан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай жұмыстар жол қозғалысындағы тәртіпті жақсартуға және жол апаттарының алдын алуға септігін тигізеді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты