Алматыда 4 көлік пен автобус соқтығысып, 23 адам зардап шекті

Алматы қаласы полиция департаменті мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 18:10–да Алатау ауданында болған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Борандай тасжолымен шығыс бағытта жүріп келе жатқан жүк көлігі қатарлас жүрген Mercedes және Kia көліктеріне соқтығысқан.

Онымен қозғалысы тоқтамай жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, автобуспен және Subaru көлігімен соқтығысқан.

— Нәтижесінде 23 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл дерек бойынша ресми тергеу жұмыстары басталды, — деп хабарлады департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Павлодарда әскери қызметші оқ жарақатынан қаза тапты

Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаев дүние салды

Атырау полициясының бастығы қамауға алынды

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді