Алматыда 27 ретсіз сауда ошағы жойылды

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жыл басынан бері қалада 45 ретсіз сауда орны анықталып, онда 1211 адам саудамен айналысқан.

Алматы әкімдігі

Астана, NEGE. Бүгінгі таңда олардың 27-сі, яғни 60%-ы жойылған. Қалған сауда орындарының басым бөлігі ірі базарлар маңында, оның ішінде «Барахолка» аумағында орналасқан.

Бұған қоса мемлекет меншігіндегі жердегі 516 сауда нысаны тексеріліп, оның 413-і сүрілген. Қалған 103 нысан бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны мәлім болды. 

Сонымен қатар билік өкілдері жеке меншік аумақтардағы 1093 нысанды тексерген.

Қала басшысы Дархан Сатыбалды ретсіз сауданы жоюға арналған кеңесте проблемалық учаскелерге бақылауды күшейтуді, заңсыз нысандарды бұзу жұмыстарын жалғастырып, олардың қайта пайда болуына жол бермеуді тапсырды.