Алматыда 25 адамға жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті ұсталды

Алматыда 25 азаматқа жоқ пәтерлерді жалға берген күдікті құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Ол танымал сайтқа пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған. Шаршы метрлерді нарық бағасынан төмен бағаға «жалдауға» ынталылар жеткілікті болды. 

– Қазіргі уақытта полицияға жәбірленушілерден 25 арыз келіп түсті. Өздеріне ұнаған пәтерді алу үшін екінші деңгейлі банк карталары арқылы алдын ала ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін «кәсіпкер» адам байланысқа шығуын тоқтатты. Ол жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталып, қамалды. Жоғарыда аталған қылмыстық эпизодтардың барлығы бір өндіріске біріктіріліп, алаяқтық дерегі бойынша Әуезов аудандық ПБ-да қылмыстық іс тергеліп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев. 

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған