Ертең Алматыда жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді

Алматы қаласында 21 мамыр сағат 10:00-де жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау жұмыстарын пысықтай отырып, сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі.

Сол себепті, Алматы қаласы ТЖ Департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтап, ғимараттардан (тұрғын үй, пәтер) жедел эвакуациялауға қатысуды сұрайды.

«Баршаның назарына!» халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізу және сейсмикалық жаттығудың басталуы туралы хабардар етіледі.

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды