12 февраля 2025 г. 18:57
Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады
Алматыдағы Тұйық Су шатқалында жақында туристерге арналған заманауи визит-орталық ашылады.
Алматы, NEGE. Жаңа орталық қонақ үй, дәмхана, дәріхана, жабдықтар дүкені және кәдесый дүкені сынды қонақтарға жайлы жағдай ұсынбақ. Сондай-ақ, экскурсиялар ұйымдастырылып, велосипед жалға беріледі, таулы маршруттарда қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша дәрістер мен нұсқаулықтар өткізіледі.
Жоба экотуризмді дамытуға және Алматының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Құрылыс Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында қаржыландырылып, 380 млн теңгеге бағаланып отыр. Орталықтың жыл сайын бюджетке әкелетін салық түсімі 170 млн теңге болмақ.