7 июня 2025 г. 10:07
Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ “Сейсмологиялык зерттеу институты” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 7 маусымда Астана уақытымен 08:33-те жер сілкінісін тіркеді.
Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 279 шақырым жерде орналасқан.
Жер асты дүмпуі Алматыда 2 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.