Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алды

Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алу үшін «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Гүл шоқтарын қойғаннан кейін жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, дін өкілдері құрбандардың рухына арнап құран бағыштады.

Алматы әкімдігі

Еске салайық, 16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен болатын.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды