Алматыда 1,5 млн теңгенің құрылыс материалдары ұрланды

Алматыда 1,5 млн теңгенің құрылыс материалдары ұрланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Бұл қылмыс «ізін суытпай» ашылды.

– Түнгі сағат екі шамасында белгісіз үш адам Орманов көшесіндегі үйлердің біріне заңсыз кіріп, құрылыс материалдарын ұрлап кеткен. Тергеу “үштіктің” қылмысқа дайындалғанын анықтады, осы мақсатта Газель көлігі жалданды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдіктілер ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған Өзбекстан Республикасының тумалары, 28-30 жас аралығындағы азаматтар. Көшедегі бейнебақылау камераларының жазбалары дәлел болды. Ұсталған адамдардың жеке басы басқа да ықтимал қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты