Алматыда 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды

 2024 жылы нотариустар қызметінің заңдылығы 83 рет тексерілді.

7kun.kz

Алматы, NEGE. Қаланың әділет департаментінің басшысы Балаим Кесебаевтың айтуынша, тексеріс нәтижесінде 11 нотариустың лицензиясы тоқтатылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 8-ге көп.

Төрт жағдай нотариус қызметін атқару құқығынан айыру туралы шағымға байланысты болса, үш жағдайда нотариустарға қатысты прокуратураның айыптау актісі шықты. 2024 жылы 18 нотариус тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда Алматыда барлығы 947 нотариус жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Жанабыловтар ісінен сабақ алмаған секілді: Желіде тағы бір блогер ауқымды ұтыс жариялады

Сегіз жылдағы максимум: Қазақстанға Қытайдан қоныс аударушылар саны артқан

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті