Алматы жаппай вакцинацияға дайын

Алматы коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялауға дайын.

Алматы, NEGE. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Нариман Табынбаев айтты.«Бүгінгі күні Алматы қаласы төрт траншпен 50 000 вакцина алды. Біз соңғы траншты 1 және 2 сәуір күні 34 900 доза мөлшерінде алдық. 2,5 күн ішінде 17 мыңнан астам тұрғынға вакцина егіп үлгердік. Вакцинация процесі бүгін де жалғасуда», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол вакцинация көлемі жеткізілген вакцина санымен анықталатынын айтты. Вакцинацияның екі күніне талдау жасалды. Нәтижиесінде, қаланың медициналық мекемелері тәулігіне 9-нан 11 мың адамға екпе жасай алады. «Егер біздің ірі сауда орындарымыз осы шараға қатысатын болса, жаппай вакциналау мүмкіндігі артады. Қала, негізінен, жаппай вакцинацияға дайын», - деді Нариман Табынбаев.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін