Алматы: Вирус жұқтырған 56 бала стационарда емделуде

Алматыда коронавирус жұқтырған 1477 науқас ем қабфлдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді.

Алматы, NEGE. 7 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 423 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 394, симптомсыз – 29 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 158, келіп түскені – 157

«Инфекциялық стационарларда 1 477 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 3 179), оның ішінде 56 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 170 адам жатыр.

Ал 32 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 81 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 46 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 433 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 294 науқас.

139 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады