Алматы тұрғындарын тауға шықпауға кеңес берді

Алматы облысында қар көшкіні қаупі бар 55 учаске бар.

 Алматы, NEGE. Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті 18-21 желтоқсан аралығында тауларда көшкін қаупі сақталатынын хабарлады.

"ТЖД азаматтардан, туристер мен демалушылардан қар көшкіні туындауы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды" делінген хабарламада.

Алматы облысының аумағында Іле-Алатау тау жотасының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болатынын атап өткен жөн.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді