20 сентября 2023 г. 0:03

Алматы циркінің әртістері халықаралық фестивальде жүлделі орын иеленді

Фото:

Қазақ мемлекеттік цирк әртістері "Без границ" екінші халықаралық цирк өнері фестивалінде қола жүлдеге иеленді. Фестиваль Санкт-Петербургте 14-17 қыркүйек аралығында өтті.

Алматы, NEGE. Әділет Тикановтың жетекшілігімен Hassak тобы “Акробаты на двойной мачте” нөмірін орындап, жоғары деңгейде кәсіби дайындығын көрсетті. 

Қойылымда діңгектен діңгекке секіру, күшті сынайтын трюктер және тепе-теңдік сияқты күрделі трюктар болды. Топ 7 адамнан тұрады, олар Томирис қойылымында ерекше өнер көрсетті.

Бұған дейін Hassak командасы Астанадағы Эхо Азия  халықаралық фестивалінде алтын, ал Almaty circus festival-да күміс медаль жеңіп алды.  

Түрлі жанр бойынша фестивальге барлығы 16 елден  200 әртіс қатысты.

Тегтер: