Алматы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы: Жертөледегі жатақхана заңсыз жұмыс істеген

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қайғылы жағдай орын алған жатақхананың жертөледе заңсыз жұмыс істегенін айтты.

Алматы, NEGE. «Жатақхана бір жарым ай бұрын жертөледе заңсыз ашылған», - деді Нұрлан Атығаев.

Арнайы комиссия құрылып, қазір Алматыға жол тартты. Олар қайғылы оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы сондай-ақ қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар жоқ екенін, қаза тапқандардың барлығы орта жастағы ер адамдар екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысының әкімі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты

Түркістанда оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға жіберілді

Режеп Тайип Ердоған «Қожа Ахмет Ясауи» орденінің тұңғыш иегері атанды

Қазақстанда АПВ-ға қарсы вакцинаны енді 18 жасқа дейінгі қыздар да тегін салдыра алады