21 августа 2023 г. 13:10
Алматы тауларында екі қыз адасып кетті
21 тамызда сағат 1:20-да ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне ер адамнан оның таныстарының тауда жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Алматы, NEGE. Сағат 2:20-да геолокация бойынша құтқарушылардың жедел тобы өтініш берушілерден Казачка өзенінің шатқалынан адасқан қыздарды тауып алып, аман-есен төменге түсірді.