Алматы тауларында Аустралия азаматы жоғалып кетті

Алматылық құтқарушылар Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Аустралия азаматын іздестіріп жатыр.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 22.25-те Республикалық жедел-құтқару жасағы, 109 құтқару қызметінің құтқарушылары мен «Доброспас» еріктілері Бостандық ауданындағы Үлкен Алматы көлі маңында жоғалып кеткен (таулы аймақ) 1995 жылы туған Аустралия азаматын іздеуге жіберілді.

«Хабарлама Алматы қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығы кезекшісінен түсті. Сағат 21.05-те хостельден шыққан ер адам алдын ала мәлімет бойынша Үлкен Алматы көлі бағытында шығып, қайта оралмаған. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, қаланың барлық жедел қызметтері тартылып, дрон іске қосылды», - деп хабарлады ТЖД -да.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды

Түркістан облысында қарт әкесін ұрып-соққан ер адамның жазасы қатаңдатылды

Алматыда бірнеше қылмысты жасырып қалған тергеуші сотталды