Алматы тауларында адасып кеткен ерлі-зайыптылар құтқарылды

Республикалық жедел-құтқару жасағы тауда ерлі-зайыптыларды құтқарды.

Алматы,NEGE. 30 мамыр күні республикалық жедел-құтқару жасағына «Лесная Сказка» демалыс аймағында адасып кеткен ерлі-зайыптылар туралы хабарлама түсті. Ақпаратты алғаннан кейін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін республикалық жедел-құтқару тобы мен кинологиялық жасақ жолға шықты.

«Қолда бар ақпаратты басшылыққа ала отырып, республикалық жедел-құтқару жасағы мен демалыс аймағының құтқарушылары ерлі-зайыптыларды тез тауып алды. Туристерді автотұраққа дейін жеткізіп, туыстарына тапсырды» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды