Алматы тауларынан табылған турист қыз жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы тауларынан табылған турист қыз жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Алматы, NEGE. Таудан табылған Әлия Қамиева төтенше жағдайлар кызметінің бригадасымен №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жеткізілді.

«Реанимацияда мультидисциплинарлық топ жан-жақты тексеріп қарады, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық зерттеуді жүргізілді. Түскен кездегі жағдайы ауыр, сөйлей алмайды. Әрі қарай бақылау және емдеу үшін анестезиология, қарқынды терапия және реанимация бөлімшесіне жатқызылды», - деп хабарлады Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін, турист қызды таудан түсіру үшін тікұшақ жіберілгенін жазған болатынбыз.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады