Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы қалай? Дәрігер жауабы

Дәрігерлер Алматы тауларынан табылған қыздың жағдайы туралы айтты.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша, құтқарушылар тапқан Әлия Камиев №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

«Реанимация залында дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қызды шұғыл қарап, барлық қажетті зертханалық-диагностикалық, аспаптық тексеру әдістері жүргізілді. Ауруханаға түскен кездегі қыздың жағдайы ауыр болды», – деді басқарма өкілі.

Қазір қыз одан әрі емдеу және бақылау үшін жансақтау, анестезиология және қарқынды терапия бөліміне жатқызылған.

Айта кетейік, Әлия Камиева 5 шілдеде таңертең БАО ауданына телефонсыз шығып, жоғалып кеткен болатын. Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен 75 ерікті жіберілді. Жоғалған адам 8 шілдеде 10.56-да табылды.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады