Алматы тауларына блокбекеттер қойылды

Ведомство мәліметінше, биікке және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты тауларда қар көшкі жүру қаупі жоғары деңгейде.

Алматы,  NEGE. «24 наурызда таңғы сағат 8.40-тан сағат 10.40-қа дейін Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілді. Бұл Шымбұлақ тау-шаңғы курорты аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалды. Жұмыс "Аваланчер" пневматикалық қондырғысы арқылы жүргізілді. Жұмыс нәтижесінде 600 текше метр қар түсірілді», - деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.