Алматы: Соңғы тіркелген үш науқас туралы мәлімет
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев осы сағатта коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайы туралы айтып берді.
Алматы, NEGE. "Қазіргі таңда коронавирус 22 адамнан табылды. Соңғы тіркелген үш науқастың бірі қаланың тұрғыны. Ол шетелден келген адаммен байланыста болған. Құрғақ жөтел, кеуде тұсының ауыруы, тамақтың қырылдауы, құлақтың бітелуі деген белгілері байқалып 18 наурызда анализ алынды. Анықталған соң стационарға жатқызылды.
Ал коронавирус жұқтырған екінші науқас Берлин-Алматы чартерлік рейсінің бортсерігі. Ол ұшып келген 12 наурыздан бастап жұқпалы ауруханада карантинде болды.Сондай-ақ, 1997 жылы туған үшінші ер азамат 19 наурызда Париж-Минск-Алматы рейсімен ұшып келді. Карантинге түсіп, жұқпалы ауруханаға түсті" деді Т.Әбілдаев.
Қазір 20 науқастың жағдайы қанағаттанарлық, екі адамдікі орташа. Бүгінде қаланың провизорлік ауруханасында 696 адам, үй карантинінде 1108 адам бақылауға алынған.