Алматы прокуратурасы вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтің ісін сотқа жолдады
Алматы прокуратурасы қаржы пирамидасын құрды және оны басқарды деп айыпталған вайнерлердің ісі Алмалы аудандық сотына жолданды.
Алматы, NEGE. "Алматы қаласының прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына А. Құрманғалиев, Р. Бурканов, Д. Рахимова, Д.Ча, А. Рүстемов, Т. Касенов, С. Касенов, Н. Сұлтанбаев, М. Шерниязов, М. Туребаев, Б. Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады", - деп хабарлады Алматы прокуратурасы.
Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банктік шотқа және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынған. Іс бойынша айыптауды процессуалды прокурор қолдайды.