Алматы полициясы тұрғындарға көп реттік маска таратып жатыр

Алматыда полиция қызметкерлері тұрғындарға көп реттік медициналық маска таратып жатыр.

Алматы, NEGE. Ерекшелігі– маскада есірткіге қарсы логотип бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, бұл акция ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.

«Алматы полициясына үш мың дана көлемінде есірткіге қарсы логотипі бар қайта пайдалануға болатын медициналық маска жеткізілді. Өткен демалыс күндері тәртіп сақшылары оларды қала тұрғындары арасында таратты»,– деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Аталған акция алматылықтардың көңілінен шықты.

«Маскалар өте сапалы, оларды жуып, қайта қолдануға болады. Онда есірткіні пайдалануға қарсы логотип бар. Дәл осы логотип көптеген азаматтарды қуантты», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Спикердің айтуынша, қорғаныс маскаларын таратуға патрульдік және учаскелік полиция қызметкерлері тартылған.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған