Алматы полициясы опа-далап дүкенінің жертөлесінен заңсыз дәріхана тапты

Бұған дейін Алматы полиция Департаментінде дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтеріп жіберудің алдын алу, олардың заңсыз сатылуын болдырмау мақсатында арнайы мобильді топтар құрылғандығы туралы хабарланған болатын.

 Алматы, NEGE. «3 күн ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сату бойынша 11 фактінің жолы кесілді.  Тінту кезінде 24000 дәрі-дәрмек құралдары бар 1200 пакет, сондай-ақ, жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайтын COVID-19 анықтайтын 9000 экспресс-тест алынды.Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды.  Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда.  Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде », - деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

 

Бүгін криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы бойынша ЭТД-мен бірлесіп опа-далап сататын  дүкенде жерасты дәріханасын ашқан екі азаматты ұстады.  Дүкенде қызметтің осы түріне лицензиясы болған жоқ.  Тергеу барысында аталған мекемеде әр түрлі 11 мыңнан астам дәрі-дәрмек және жалпы сомасы 1 миллион 119 мың 200 теңгені құрайтын 100-ден астам ампула тәркіленді.

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейрхан қызметінен шеттетілді

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Алматыда «Медеу» маңындағы 288 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстандық әйел порнография үшін Қырғызстаннан бала сатып алған