Алматы полициясы іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын ұстады

Алматы полициясы мемлекетке қарызы үшін іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматының көші-қон қызметінің мәліметінше, М.есімді азаматшаға 2019 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының талап арызы бойынша азаматтық іс жүргізудің қорытындысына сәйкес сот орындаушысымен мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Жақында тәртіп сақшылары М.есімді әйелді ұстады. Ол Қазақстанға тағы келіп, осында тұруға рұқсат алуды жоспарлаған.

Қазіргі уақытта ұсталған әйел атқарушылық іс жүргізу шеңберінде шешім қабылдау үшін сот орындаушыларына берілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады