Алматы полициясы Ғ.Әбдірахымовқа қатысты іс қозғалғанын растады

Алматы қаласының полиция департаменті Қ. есімді азаматтан Ғабидолла Әбдірахымовтың үстінен арыз түскенін растады.

Нұр-Сұлтан, NEGE «Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады»,- деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «аса ірі көлемде алаяқтық жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?