6 сентября 2023 г. 18:36

Алматы полициясы алдағы үш күнде күшейтілген режимде жұмыс істейді

Фото:

2023 жылдың 5-9 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында атыс қаруын қолданумен жасалған қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Кару» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлады Алматы полициясы. 

Алматы, NEGE. Мақсат – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оның патрондарын қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу.

«Тәжірибе көрсеткендей, іс-шараның мұндай түрі қаладағы қылмыстық ахуалды жақсартуға оң әсер етеді. Алматы полициясының жеке құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. «Кару» жедел-алдын алу іс-шарасы заңсыз айналымнан тіркелмеген қаруды барынша тәркілеуге мүмкіндік береді», - деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуат Науатов.

Тегтер: