21 июля 2022 г. 13:36

Алматы полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Фото:

Арыстанғали Заппаров Алматы полиция департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. 

Алматы, NEGE. "Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Алматы қалалық ПД бастығы қызметіне полиция генерал-майоры Заппаров Арыстанғали Расилханұлы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сұнтаев Полиция департаментінің жаңа басшысын ұжымға таныстырды", – делінген хабарламада.

Арыстанғали Заппаров 1969 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1993 жылдан бастап жұмыс істейді. Басшылық қызметтерде көп жыл жұмыс істеген. 2019-2022 жылдары Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысы полиция департаментін басқарды. 

Тегтер: