Алматы өзендеріне шомылуға болмайды

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала өзендерінде шомылуға тыйым салынғанын еске салды.

Алматы, NEGE. Қалалық ТЖД қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 364-бабына сәйкес тыйым салынған орындарда шомылу, ондағы суды ішу және тұрмыстық қажеттік үшін алуға, малды суаруға, қайықпен және басқа да жүзу құралымен серуендеуге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

«Алматы арқылы ағатын өзендерде (мысалы, Есентай, Кіші және Үлкен Алматы) шомылу және қайықпен жүзуге тыйым салынған, себебі олар қауіпті деп саналады. Осыған байланысты, Алматы қалалық ТЖД қала тұрғындарын су қоймаларында қауіпсіздік ережесін бұзбауға шақырады», – деді ТЖД-дан. 

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған