Алматы орталық ауруханасының бас дәрігері жұмыстан босатылды

Алматы қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Алмас Джувашев қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы растады.

 Алматы, NEGE. Айта кетейік, аталмыш ауруханада медқызметкерлер жаппай коронавирус жұқтырған болатын. Олардың кейбірі «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылған. Олар видеоүндеу түсіріп, министрдің аталмыш жағдайға назар аударуын өтінген еді. Таяуда орталық ауруханадағы жаппай коронавирус жұқтыру дерегін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов тексеретіні белгілі болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook парақшасында жазған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін