Алматы орталығындағы өрттен 60 адам эвакуацияланды

Алматыда Абай даңғылы бойындағы өрт сөндірілді, деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Алматы, NEGE. Қабылданған шаралардың арқасында сағат 15:58-де өрт оқшауланған.

Ведомство мәліметінше, 16:31-де өрт толық сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің жалпы аумағы 310 шаршы метрді құраған. Өрт сөндірушілер шатырдың едәуір бөлігін, үйді және сауда алаңын қорғап қалған.

Өрт кезінде ТЖД екі адамды, оның ішінде бір баланы құтқарып, 60 адамды, оның ішінде 13 бала эвакуациялаған.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт үйдің 1-ші және 2-ші қабатында орналасқан екі қабатты дәмханадағы қосымшада (ас үйде) орын алғанын, кейіннен өрт үшінші қабаттағы пәтерге ауысуқанын түсіндірді.

Өрттен зардап шеккен пәтер тұрғындары қонақүйге орналастырылады.